Байден Ресей халқына үндеу жасамақ
Ресей басшысы Владимир Путин «Fox News» телеарнасынан жұмыстан қуылған, ватник тілші Такер Карлсонға сұхбат бергеннен кейін, АҚШ Президенті Джо Байден әкімшілігі орыс тілді аудиторияға танымал, либерал журналист Юрий Дудьге сұхбат беру мәселесін ойластыра бастады, деп жазады DALAINSIDE.
Қазір ол сұхбаттің концепциясы мен идеясын Байденмен ақылдасып, одан кейін Дудьпен келісу жоспарланған.
Алайда Байденнің коммуникация бойынша кеңесшісі Бен ЛаБолт бұл идеяға қарсы болып отыр. Ол Юрий Дудьге берілген сұхбат Путинді қайталау болып табылады деген позиция ұстануда.
Бір жағынан, Путин жасаған маневрді Байденнің қайталауы АҚШ-қа бедел әкелмейтіні түсінікті.
Байден Ресейдің қарапайым халқына көптен бері үндеу жасағысы келіп жүрген еді. Айтқысы келгені, «Путин өтірік сыртқы жау іздеп, шын мәнінде ұрлығын жасыру үшін сіздерді алдап жүр, сіздер жақсы өмірге лайықсыздар» деген месседж болатын. Дудь аудиториясы осыған қолайлы болып отыр.
Такер Карлсон Украинадағы әскери қақтығыс басталғалы бері президент Владимир Путинмен сөйлескен алғашқы батыс журналисі атанды. Енді оны АҚШ-тағы Демократиялық партияның кейбір радикалды белсенділері «сатқын» деп тану бойынша мәселе көтере бастады.
Демократиялық партия қазіргі ресурсын пайдаланып, Путиннен сұхбат алған Такерді президенттікке үміткер, республикандықтардың серкесі Дональд Трамп қолдаған деп, соны Трампқа қарсы қара пиар ретінде ойнатпақ.
Есесіне, Конгресте басымдау орын алып отырған республикалықтар Байденнің Украина мен Израильға әскери көмек ретіндегі ірі траншын блоктап тастады.
Онымен бірге, Дональд Трамп президенттікке келсе Конгресстің барлық сыртқы қаржыландыруын паузаға қоймақ. Әлем бойынша грант алып отырған кейбір үкіметтік емес ұйымдар және Азаттық радиосының жабылу тәуекелі арта түсті.
Қазір оған жауап ретінде Азаттық радиоларының барлық елдердегі бөлімшелеріне Трампты жағымсыз жағынан көбірек көрсету бойынша бейресми нұсқаулықтар түсе бастады.
Азаттық радиосы Дональд Трамп АҚШ президенті болған 2017-2021 жылдар кезеңіндегі түрлі ішкі жанжалдар, сәтсіз шешімдер, казустар туралы, оларды қайта зерттеп және Трамппен жанама байланыстырып жаза беруі тиіс. Ертеңгі дүйсенбіден бастап алғашқы материалдар жарық көреді.
Бір қызығы, Дональд Трамп Президент болса, АҚШ тарапынан Қазақстанға санкция жариялану қаупі мүлдем сейіледі. Бірақ Трамп президенттігі біздің елдігімізге басқа жағынан өте қауіпті.
Трамп Украинаға сыртқы көмекті тоқтатса, Путин Украина мәселесін өзіне қолайды түрде шешуге мүмкіндік алады. Одан кейін Кремль үшін Молдова, Грузия және Қазақстанмен айналысуға ұрымтал сәт тумақ.
Фото ашық дереккөзден алынды.