БӘЙГЕ! БӘЙГЕ! БАЙГЕ! Смартфонмен қысқаметражды фильм түсіріп, байқауға қатысыңыз!

0
31

Алматы қаласы Жастар саясаты Басқармасының қолдауымен «Рух жаңғырығы» қоғамдық қоры «Қысқаметражды фильмдер» байқауын жариялайды.

 

«Қысқаметражды фильмдер» байқауының ережесі:

«Интернетке тәуелділік»;

«Кибербуллинг»;

«Лудомания»;

«Интернет желісінің балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидке әсері» тақырыптарының біреуін таңдап, 1 минут пен 5 минут аралығындағы фильм түсіріп, бағыңызды сынаңыз!

Байқау мақсаты: Қоғамды алаңдатқан түйіткілді мәселелерді жастар тілінде түсіндіріп, алдын алу.

Байқау міндеті:

  • Ғаламтор құрсауында қалған жандарға көмек көрсете отырып, келешек ұрпаққа өнеге ету;
  • Жастарға кәсіби мотивация беру;
  • Интернетке тәуелділік пен құмар ойындардан сақтандыру;

Байқау мерзімі: Байқауға шығармашылық жұмыстарды қабылдау 2023 жылдың 27 шілдесі күні Астана уақыты бойынша сағат 09.00-де басталып, 2023 жылдың 27 қыркүйегінде сағат 17.59-да аяқталады.

  • Қазақстанның егемендігіне, біртұтастығына, бірлігіне нұқсан келтіретін материалдар байқауға қабылданбайды.
  • Шығармашылық жұмыстардың мазмұны жобаның атауына («Интернет тәуелділік немесе құмар ойындарының алдын алу») сай болу керек.

Туындыларыңызды film.internet@mail.ru  электронды почтасына аталған уақыт көлемінде жолдауларыңызды сұраймыз.

Байқауға қатысу үшін ұсынылған жұмыстар:

Объективтілігіне;

Креативтілігіне;

Мазмұнына;

Көркемдігіне;

Сапасына;

Өзектілігіне және т.б.

қарай бағаланады.

Жеңімпаздарды зиялы қауым өкілдерінен құралған қазылар алқасы анықтайды.

Жеңімпаздар 2023 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында өтетін қорытынды марапаттау рәсімінде марапатталады.

Жеңімпаздар алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

1-орын: 300 000 теңге

2-орын: 150 000 теңге

3-орын: 50 000 теңге

Ұйымдастырушылар:

Алматы қаласы Жастар саясаты Басқармасының қолдауымен «Рух жаңғырығы» Қоғамдық қоры.

Толық ақпаратты 8 707 782-13-93 нөмірі арқылы біле аласыздар. (Сұрақтарыңызға дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 09.00-18.00 арасында ғана жауап бере алады).

                    Бағыңды сынап,қоғамға үлесіңді қос, жас режиссер!