Байларды неге жек көреміз?

0
175

Әлеуметтік теңсіздік, бай мен кедейдің аражігі сұмдық, байлар кедейлерге көмектесу керек тб әңгімелер көп айтамыз, байларды жек көреміз, қатыгез санаймыз. Тіпті кедейге көмектесуін міндетті көреміз.

Біздің байларды қайдам,уот шетелдік байлар үздіксіз еңбек ету,тынымсыз тыраштану,ақшаны айналымға салу, (инвестор) өзінің ой қабылеті мен ізденісі арқылы байығандар.

Ия, қылмыс арқылы байығандары да бар болар,бірақ ондайлар аз.Заң үстемдік ететін мемлекеттерде ондайлардың баюына тіптен шанс жоқ.

Ақпан төңкерісіне (1917 ж) дейінгі біздің байлар да өзінің еңбегі арқылы баий білді.

Еңбек етпейтін, жоқтан бар жасамайтын, тәуекел ете білмейтін, жаңарып ізденбейтін адам еш уақытта байымайды.

Әлемдегі бүкіл (ат төбеліндей) байлардың ақшасын қосқанда шамамен 1 квадриллон доллар болады екен. (15 нөлімен)

Жер бетінде 8 млрд халық бар.

Сол 1 квадриллон долларды 8 млрд кедейге теңдей бөліп берсе,әр қайсына шамамеғ 126 мың доллардан келеді.

Сол бөліп берген ақшаны кедей байғұстар не істейді?-деп ойлайсыз.

Олар сразу барып айфон,квартира,машина алады.

Түрлі әдемі брендтік киімдер алып, алтын заттармен әшекейленіп, қымбат ресторандардан бір тойып тамақ ішеді. Болды.

Инвестиция жасап, ол ақшаны көбейтуге тырысатындары шамалы көрінеді. Олардың кедей болуы сондықтан-дейді миллиардерлер.

Сөйтіп әлгі бөліп берілген ақша қайта айфон шығарушы, брендтік бұйымдар өндіруші, машина жасаушы, құрлыс компанияларының қожайындарының, яғни байлардың қалтасына қайте құйылады.

Адам баю үшін әуелі ойын өзгерткені дұрыс дейді сарапшылар.

Тек бір күнімен өмір сүретін адам,еш уақытта байымаса керек.

Адамның баюы- бір ай не бір жылда болатын нәрсе емес.

Адам баю үшін бүкіл өмірін сарп етуі мүмкін,не жоқ дегенде 10-20 жылын жоғалтады.

Ойды өзгерту дегеніміз,ол жақын аралықта баиймын деген есек дәмені мүлдем ойыңнан шығару деген сөз.

Кейде досымызға «байығаннан кейін адам танымай кетті, байығаннан кейін менсінбей кетті» дегендей сыртынан сын айтып,өкпелеп жатамыз.

Жалпы бай адам өзімен ой-санасы деңгейлес, ізденпаз адамды іздеп,сондай адамдармен араласады екен.

Сондықтан байып кеткен досыңды жоғалтас үшін сенде байы, ізден,табысты бол!

Есбол Махисовтың

Facebook парақшасынан.

Фото ашық дереккөзден алынды.