«Байтал шауып бәйге алмас» деген сөздің мағынасы қандай?
Қазір заты әйел баласының бірі қара үзсе, «байтал шауып бәйге алмас» деп пәлсәпа соғатын әдет тауып алдық.
Осы жердегі «байтал» сөзі шынымен жылқыға қатысты ма өзі?
«Байдалы» сөзінен шыққан жоқ па?
Байдалы шауып бәйге алмас. Байдалы ұл балаға 12-13 яғни отау жасына жеткенге дейін қойылатын шаш түрі. Қызда тұлым деп аталады. Яғни 12-13 жасқа дейін бала тұлпар мініп, бәйге алып жарытпайды.
Рас атам қазақ 12-13 жасқа толған соң ашамайға мінгізіп, балалықтан шығарып алады. Астына тай, қолына садағын беріп жігіттік өмірге бағыттайды. Баланың бұдан кейінгі шаш қойысы «айдар» деп аталған.
Байтал түгіл бас қайғы деп жүргеніміз де осы «байдалы түгіл бас қайғыдан» бұрмаланған дүние.
Әлде қателесіп отырмын ба?
Бүркіт НҰРАСЫЛ, журналист.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.