«Бала үшін өміріңізді құрбан етудің керегі жоқ» дейді Баян Мақсатқызы

0
775

Әйелдерге арналған форумда әлеуметтік мәселелер туралы сөз қозғаған продюсер Баян Мақсатқызы отбасылық проблемаларға да тоқталды деп жазады Democrat.kz.

«Мемлекет бізге көмектеспейді дейтін әйелдерді түсінбеймін. Бала туарда мемлекет көмектеседі деп тудыңыз ба? Мемлекет міндетті емес. Бала туарда осы баланы баға аламын ба деп ойланған жөн. Мысалы, өзім үлкен қызымды туған соң, 2 айдан соң жұмысқа шығып кеттім.

Ал кіші қызымды туған соң, 20 күннен кейін жұмысқа шықтым. Себебі қазір жұмысқа шықпасам, бір шетте елеусіз қалып, ұмытылатынымды білдім. Қыздарымның мектептегі жиналысына, басқа да жерлерге баратын уақытым болмады.

Есесіне олардың сапалы білім алуына барлық жағдайды жасадым. Мен ең бірінші өзімді ойладым. Бала үшін барымды беруге тиіспін, бала үшін өзімді құрбан етуім керек дейтін аяныш тудыратын сезімдердің керегі жоқ.

Баламен таңнан кешке дейін бірге отырсам, жақсы шеше болғаным деп ойлайтындар бар. Алайда баланың қасында отырып, оған не үйреттің?  Мәселе — осында.

Балаларымның жан-жақты дамуына жағдай жасадым. Сондай-ақ өзімді дамытуға бар күшімді салдым», — дейді продюсер.

Фото интернеттен алынды.