Балаға қол көтеріп, басы пәлеге қалған қазақ қызының қызықтары

0
350

Осыдан апта бұрын Достық 13 деген мекен-жайға келдім. Екі келіншек бірін бірі қатты құшақтап әрең дегенде қимай қоштасып, біреуі көлікке отырды.

Әдеттегідей айнадан ұрлана бір қарап алдым. Бір сөзбен қара торының сұлуы екен.)

-Екі аптам екі күндей болып өте шықты деді жымиып.

-Әә, сонда қай өңірден келіп едіңіз дедім.

-Өңір емес, басқа мемлекеттен келдім,- деп тағы жымиды.

-Ааа солай ма?- деп таңырқай қарап, -сонда қай елден келдіңіз?

Қара қыз -Норвегия деп саңқ етті.

“Ух ты” дедім ішімнен.. бәсәу жымисы бөлек, бізде өте сирек күлімсіреп отыратыны шындық, тіпті таксистен күдіктеніп, өзінен өзі шошып отырады ғой көбі.

Сонда Норвегияға көшіп кеттіңіз бе деп сұрадым.

Күлімсірей отырып сол жаққа тұрмысқа шыққанын айтты.

Мәә деп тағы таңырқадым.. Сонда кәдімгі викингтердің келінісіз бе деп әзілдей сұрадым.

-Жоқ жолдасым Италияндық жігіт, бірақ сол жаққа жастайында қоныс аударған.

-Ммм күшті. Қалай таныстыңыздар сонда?

— Ой мен осында КазГЮ ді бітірген соң Норвегияға барған болатынмын , сол кезде танысып , өлердей ғашық болып, ақыры тұрмысқа шықтым ғой. (күліп отыр)

-Кәзір екі қызымыз бар.

— Керемет, сонда күйеубала болама маған, о кісі қандай қызмет істейді?

— Ол кісі повар,- деді.

— Мәә күшті ғой , каждый қыздың арманы емеспе..

Иә мен опшы тамақ істемеймін ..)

Шіркін ай арқаны кеңге салып әңгіме айтуға уақыт тығыз, жарты жолды еңсеріп тастадық.

Норвегияның қоғамы туралы сұрай бастадым. Жалпы қалай өзі?

— Ой өте керемет , ешкімнің ешкімде шаруасы жоқ, олар заңның құлы ғой деді.

— Сізге қиын соқпады ма барған кездері?

Есіме Лопковскийдің сұқбатты түсе кетті де бала тәрбиесі туралы айтып беріңізші дедім.

Күліп алды да , “айтып берейін иә, екі қызды босандым бірінен кейін бірін , олар тәп-тәтті болып өсті, кейін мектепке барды. Мен оларды өзімізше тәрбиелеп жүрмін ғой, әй , өй деп , кейде періп қап.

Содан мектепке барған жылдары,екеуі тыңдамай бара жатқасын үлкен қызды басынан салып қап ұрсып , ашудың бетімен сучка такая деп айтып жіберіппін.

Содан келесі күні мені мектепке шақыртты, ойымда түк жоқ , салып ұрып жетіп барсам. Түгел мектеп ұстаздары жиналып алған, мені ортаға алып , жерден ап жерге салып ұрыссын.

Мен басында бой бермей өз баламды үйде өзім тәрбиелеймін деп көгереңдеп тұрсам.

Опшым маған айтты ғой, бері тыңда тетя, сен өзі қайдан келдің бұны бір де, екіншіден мына қыз сенің жеке меншігің емес бұл осы елдің азаматы, оның құқын қорғайтын заңдар бар.

Сондықтан балаға әлімжеттік жасайтын болсаңыз, кәзір ювиналды полиция шақыртып баланы соларға таптырамыз дегенде басым ацналып отыра кеттім.

Қалай, неге, түк түсінбеймін, тіпті миым қабылдамайды.

Менің туған баламды қалайша тартып алады..

Қыз класта еңіреп жылап отыр, не сұмдық, сучка деген не деген сөз дейді маған мектеп басшысы.

Ол литературалық сөз деп жылаймын..

Сомен не керек , мені баланы қалай тәрбиелеу керек екенін үйрететін мекемеге жіберетін болды. Бір жыл бойы сол жерден дәріс алдым деп күлді.

Кәзір бәрі жақсы, қыздарымның үлкені он екіде , кішісі онбірде.. тату тәтті бақытты өмір сүріп жатырмыз..

Көп нәрсені түсіндім, көп құндылықтарым кординально өзгеріске ұшырады.

Мысалы кіші қызым кішкентай кезінде, “мен қызыл трусик кием бе әлде ақ трусик кием бе өзім шешем мама маған өз таңдауыңызды навязывайт етпеңіз” дейді.”

Менің миымда жарылыстар тоқтар емес, “капец қандай уровень!”

Балаға ұрсуғада ұруғада болмайды. Тек түсіндіре бересің болды дейді..

Ол жақтың балаларының самооценкасы биік, ешкімнен қорқып, қаймықпайды, тіпті билігінде, корольдерінде ашық сынап тастап жүре береді. Қорықпайды себебі құқықтық грамотный, барлық заң законды мектепте жүріп үйренеді”.

Біз діттеген мекен-жайға да жетіп қалдық. Әттең деп қимай қоштастым. Өзін Ғалия деп таныстырған қара торы сұлу келіншек.

Бақытты болыңыздар Ғалия дедім..

Бүгін сенатта отбасылық зорлық зомбылық туралы заң қабылданып енді Тоқаев қол қойса күшіне енетін болады.

Осы заңды біздің қоғамға енгізу үшін жан-жақты түсіндіру (ағарту) жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу керек деп есептеймін.

Шыны керек менің өзім шешемізден таяқ жеп өскен адаммын.

Десе де осы заңды қос қолдап қолдаймын. Қоғам болып өзгеретін уақыт баяғыда келген болатын.

Жалпы құқықтық сауаттылықты бастауыш сыныптардан бастау керек. Үлкен кісілерді қажет болса оқытып алу керек.

Медет Арыстанның

Facebook парақшасынан.

Фото ашық дереккөзден алынды.