Баланың адам болуы мен айуанға айналуына біз кінәліміз

0
606

Кешегі Іле ауданындағы мектептегі әлімжеттік жасағандар , анау Шерзатты өлтірген айуандар да анадан туылды ғой. Адам өлтірдік деген ой жоқ, соғысқа барып отан қорғап келгендей жыртың- жыртың етеді.

Біз бұл күйге қалай түстік? Ойланыңыздаршы? Сондай айуанды қолдан “жем” беріп мына біз әйелдер өзіміз өсіріп шығардық қой.

Ана болудың жауапкершілігін сезінбей бала тауып жатқан жоқпыз ба?

Адам өсіру айуан өсіру емес қой, жемін- шөбін беріп, жататын жерін ыңғайлап қана беретін.Ондай қамқорлықты малға да жасап береміз.

“Өзін туғанмен, мінезін тумадым”, “жаман болсын деп өсірген жоқпын”- дейтін әйелдерге сенбеймін- ай, сенбеймін. Өзінің адам өсіріп шығара алмағанына ақталу шығар бәлкім.

Ана Шерзатты өлтірген айуандарды шешесімен қосып соттаса қос қолымды көтеріп қолдар едім. Себебі олар ана болудың жауапкершілігін арқалаған жоқ. Қоғамға қылмыскер тәрбиелеп қосты. Сондықтан да өздері де қылмыскер боп саналады.

Баяғыда да бұзық балалар болмады емес болды. Бірақ ол кезде тәртіп, тәрбие басты назарда еді. Мектепте бірдеңе бүлдірген бала қатал ағайлардан өліп таяқ жейтін. Таяқ жегенін үйіндегі әке- шешесі естиін болса, сол таяқты тағы жейтін. Сондай тәрбие дұрыс еді.

Бүлдірген адам жазасын алуы заңдылық болатын. Қазір не, қит етсе баласын қорғайтын шеше бар. Мектептің есігін теуіп кіріп, жанжал шығарып, жан- жаққа арызды бұрқыратып, баласын миллион жерден кінәлі болса да ақтап алатын.

Содан соң ана бала есірмей мен есірем бе?!

Қоғамға ондай бала өсіріп қосқаннан көрі, мүлде тумағаны жақсы еді сол әйелдің… Солай қайта пайдалырақ болатын еді…

Гауһар ЖОЛМАХАНБЕТ, қоғам белсендісі.

Фото көрнекілік үшін.