Баланың тәрбиесін мектепке артып қою — қателік
Ата-аналар, әсіресе, жастар, бар тәрбие жұмысын мектептерге артып қойған. Жаз кезінде бала бір жағымсыз оқиғаға іліксе де, мектепті кінәлап жатады. Бұл — дұрыс үрдіс емес, басты жауапкершілік ата-анадан бастау алу керек.
Отбасылық құндылықтарды салт-дәстүрге байланыстыра білсе қандай жақсы.
Мысалы, жай ғана айына бір рет нағашыларыңа телефон соғып, халдерін біліп қоюды балаға үйретіп қойса, қандай ғанибет. Үлкенге құрмет, кішіге ізет те осындай әдептерден басталады..
Әрине, күйбең тіршілікпен, қызмет бабымен отбасында тәрбие мәселесі назардан тыс қалып жатады. Мектепке сенесіз, мұғалімдерге тапсырасыз.
Баланы қоршаған ортасы қандай болса, баланың мінезіне ол да ықпалын тигізеді.
Бүгін балаңызға берген тәрбиеңіз, ата-ана, қандай болса, ертең кәрілік шағыңыз сондай болады.
Интернет. Қазіргі балалардың мінезі интернеттен де жылдам. Тез ойлайды, тез қабылдайды, барлық сұраққа жауапты ата-анадан емес, мұғалімнен емес, интернеттен табады. Интернетте қызықты, тәлім-тәрбиесі мол контенттер көп болса екен деп тілейтін болдық.
Жұпар иісті құты тозып, сынған соң да құты сынығынан жұпар иіс аңқып тұрады.
Ақмарал ШАТЕМІРҚЫЗЫ, білікті ұстаз.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.