Балғынбек Имашевтің баласы ғана емес, өзі де жұртты алдап ақша алғаны рас па? (ВИДЕО)

Sadaq-Medya ақпараттық әлеуметтік парақшада тараған видеода дәл қазір шу болып жатқан айтыскер ақын Балғынбек Имашевтің өзіне қатысты тағы бір жайт мәлім болды деп жазады Democrat.kz.
“Елдің адамы ғой. Көршіміз ғой деп 4 жыл бұрын Балғынбек Имашевке сеніп 4,5 млн теңгемізді беріп, ақшасыз қалдық. Базар соғып жатырмыз деген Балғынбектің “4 орын алсаң, бір орынды базардан тегін береміз” дегеніне сендік. Қанша жыл өтті. Не ақша жоқ, не базардан орын жоқ. Үй аламыз деп жинап отырған ақшамыз еді…” дейді сарыағаштық көпбалалы ана.
@sadaqmedia Әйгілі айтыскер ақын 4 жыл бұрын базардан орын сатқан екен. “Өзіміз ашып жатырмыз, төртеуін алсаң бір орын тегін” деп сендірген. Көрші отырған Салида мен Серік 4,5 млн. тг. Балғынбектің қолына санап береді. Содан бері айтыскер ақын күнде ертеңмен тойдырып, базар да, ақша да жоқ,-дейді Сарыағашта 3 баланың анасы. *** Кешеден бері Алматыда жұрт “qazaqtravel” тур. компания сан соқтырды деп шулап жүр. Бүгін жолда қалған бір ұшақ жолаушы тағы хабарласты. Сөйтсе, бұл компания басшысы әйгілі айтыскер ақынның баласы болып шықты. Умра қажылыққа апарамын деп жарнамалап, ақыр соңы дауға ұласты.