“Бас мүфти салпыншақ таратып жүр” дейді журналист

0
203

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы өзін дінбасы ғана емес, Елбасындай сезініп жүр. Мысалы, мүфтият «ҚМДБ 30 жыл» деген медаль жасап алыпты”,- деп жазады журналист Ораз Әлімбеков өзінің Facebook парақшасында.

“Орден-медаль тарату халифатқа (мемлекетке) тән нәрсе ғой. Бас мүфти сол салпыншақты атыраулық кәсіпкер Төкен Танаұлы Жұмағұловтің кеудесіне апарып қадады. Неге?

Себебі, молдалардың есінде болса керек, Наурызбай Өтпенов ақпан айының соңында Атырауда «Құран жаттау және діни сауат ашу орталығының» тұсауын кескен. Бұл атшаптырым аумаққа салынған ғимарат Төкен Жұмағұловтың үйі тұғын.

Мүфтият сайттары үйдің кімдікі екенін айтпайды, «Құран жаттау» орталығын өз күшімен салғандай болып жүр. Рас, ғимараттың шекесіне «Жұмағұл ата …» орталығы деп баттитып жазып қойды да, Төкен Танұлының кеудесіне қаңылтыр салпыншақ іле салды…

Ақиқатында, Атырау қаласында зайырлы білім беру орталықтары, балабақша жетіспейді. Егер Төкен Танұлы сол ғимаратты физика, химия, математика… ілімдерін оқытатын немесе музыка, би, шахмат үйірмесіне арналған орталық қылып құрғанда немесе қалалық білім басқармасының балансына өткізіп бергенде, Атырау халқының алғысын алар еді.

Ердің елге жасаған жақсылығын халық қана ұмытпайды. Ал молдалардың жады жоқ, оларда діни сан ғой. Мынау жағдайда кәсіпкер мән-маңызы түсініксіз әлдебір салпыншақты місе тұтып қалды. «Мынау ғимаратты Төкен аға сыйлады» деп те жазуға арланды ғой мүфтияттың сайттары.

Діни сана деген қауіпті ғой. Құран жаттаудың жастар үшін не пайдасы, еліміз үшін не пайдасы бар?! Жеткіншек ертең университетке оқуға барса, «Құран жаттадың ба?» сұрамайды ғой. Миын діни сана шырмап алған жеткіншек ертең кім болады?!!

Ұлы қауға сақал қойып, қызы хиджаб киіп жүре ме?!! Атырауда оларсыз да діни радикалдар өріп жүр. Орталық солардың санын еселеп көбейтуге жұмыс істемейді деп кім кепілдік бере алады?!.Анығын Ақорда біледі”,- деп жазады журналист.

Фото ашық дереккөзден алынды.