Бас мүфтидің бұл сөзін қалай түсінбек керек? (ВИДЕО)

Қоғамда діни уағыздарға байланысты наразылық басылмай тұр. Бұған себеп — кейбір дін уағызшыларының ұлттың құнды дүниелеріне тіл тигізе бастауы еді деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желі уағызшыларының 90 пайызға жуығын сауатсыз, ойдан-қырдан жиналып, мешіт жағалап, «ақылды» бола қалған біреулер екенін көзі ашық жұрт біледі.
Алайда басқа-басқа, Бас мүфти Наурызбай Өтпеновтің төмендегі видеодағы уағызы «уағызшылардың ұлттық құндылыққа шабуылы — мүфтияттың қолдауымен емес пе?» деген көптің көкейіндегі сұраққа нақты жауапты беріп, нүктесін қойғандай ма, қалай?
«Қазақы тәрбиемен өскен балалар — шарииғатқа жақын келеді. Өйткені қазақ тарихында шариғат бойына сіңіп кеткен қазақы дәстүрге.
Біздегі тыйымдар көбіне қазақтағы, ол — шариғаттан алынған. «Есікке керілме», «қолыңды төбеңе қойма», «тізеңді құшақтама», деген сияқты дүниелер көп қой. Мысалы, нанға қатысты «ұсақты теріп жеңдер, бай боласыңдар» дейтін.
Құранда аят бар, «көктен береке жаудырдық, соны ылғалмен жерден береке бердік» дейді. Оны ғалымдарымыз айтады, «бұл — нан турасында алла айтып жатыр» дейді. Жаңбыр жауады, бидай өседі, бидайдан нан болады.
«Береке дейді, алла айтып жатыр, көрдіңіз бе?»- деген Наурызбай Өтпенов мысал ретінде нанмен дәретін сүрткен оқиғаны тілге тиек етіп, оларды алла азаптап, дәреттерін жегізгенін айтады.
Не түсіндіңіз? Дін келмей тұрып, бұл қазақта ырым-тыйым болмаған ба? Нанды қастерлеу — діншіл қауымның басты ұстанымы дегенге сенесіз бе? Дәстүрлерімізді — шариғаттан келді деді, ғұрыптарымызды — шариғаттан деді, батырларымыз дін үшін соғысты деді, енді тіпті, ырым-тыйымдарымыз да шариғаттан алынған болса, сонда 6-7 ғасырға дейін қазақ деген ұлт, қазақ деген өз ақылы бар адам болмағаны ма? Бұл қалай?
Дайындаған — Мәриям КЕНЕСАРЫ.
Фото интернеттен алынды.