Басын жарып, өз дәретін ішкізіп қорлаған

0
645

Шымкент қаласы Көкбұлақ ауылында емші Ұлықбек Сманов балалар үйінен асырап алған балалар «Көреміз» бағдарламасында үш жыл бойы қандай қорлық көргендерін айтты, деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.

«Әкем жиі қол көтеретін. Қойлар жоғалса, мені ұратын. Таңда тұрғызып, малға шөп салғызатын. Басымды жарып, өзінің дәретін ішкізді. Ол үйде жүре бергенде менің жағдайым қиын болатын. Күн сайын ауыр жұмыстар істеткізетін. Тек сабаққа кеткенде ғана сәл демалатын едік.

Сабақтан келген бойда малдың шөбін салып, қораға кіргізетін. Қыста малдар өліп қалса, етін бізге сойып беретін. Бәріне бізді кінәлайтын. Малға бірдеңе болса бізді таяқтың астына алады. Бір күні өлген иттің етін де жегізді.

Үйдегі төрт баланың қолын байлап қояды. Жан-жаққа кетіп, ойнап кетпеуі үшін қолдары байлаулы жүретін. Көрші адамдар көрді. Бауырларым дәретін жіберіп қойса, нәжісін жегізетін еді», – деді балалардың бірі.

Ал мектеп мүғалімдері 16 жастағы баланың бойындағы өзгерістерді байқамағанын, ата-аналар жиналысына келіп отырған әкенің бойынан еш оғаштық көрмегенін айтады.

«Қиын жағдайда өмір сүріп жатқанын бала білдірткен жоқ. Ата-анасы жиі хабарласып, баласының оқу үлгерімін сұрап тұратын. «Бүгін тамақ ішпей кетті» деп ақша да аударғанын көрдім. Ата-анасы үзбей келіп тұрады. Әкесі де белсенді», – деді сынып жетекшісі Гүлнәр Әбішова.

Айта кету керек, бұл жағдайдан кейін 6 бала мемлекеттің қамқорлығына өткен еді.

Фото интернеттен алынды.