Бауыржан Момышұлы туралы өтірік әңгіме жазудың керегі не?

0
208

Өтірікті де беймарал шығаруға болады екен-ау, ә! Қайта-қайта алдымнан шыға берген соң жаза салайыншы. Әңгіме кейін кітап боп шыққан “Соғыс психологиясы” жайлы. Рас, сақталуы үшін құнды құжаттар академияға уақытша тапсырылған…

Былай ғой, Санжар Керімбай тура Қаныш Сәтбаев пен Бауыржан Момышұлының тап қасында болғандай көсілген екен. Ең болмаса, пәленнен естіп едім дегенді айтпайды.

Білуімше, Бауыржан Момышұлының 30 томдығына да жазылмаған секілді… “Ақиқат пен аңызда” да айтылмады. Әлгі портфель толы 60 мың сомды айтам. Ол заманда — азуын айға білеген кеңестік жүйеде сом кезіндегі мың дегенің…

Академикте ондай пәрмен жоқ, біріншіден, 60 мың теңгені “тірі күйінде” ұстата салатын, екіншіден, есепшінің сондай үлкен соманы сақтап қоюға да қақысы болмаған.

Сотталып кететін, соттатып жіберетін жағдай ғой, шындап келгенде! Қазіргі заманның “түйені түгімен жұтатын” көзқарасымен 60 МЫҢ СОМ түк емес көрініп, ҚАБЫЛДАЙ салып отыр.

Оқырман мән беріп жатқан жоқ. Ал Кеңес Одағының кезіндегі ақшаның құнының қандай болғанын бұрынғылар жақсы біледі.

Сосын Бауыржан атамыз ондай ақшаны тап солай ала салатын адам емес һәм бұл қисынсыз әңгіме батырдың табиғатына мүлде кереғар әрі портфель ыдыс емес бос қайтаратын!

Қазақтың ғұрпын орынсыз тықпалаған. Ұят-ай! Әсілі, асқар тауды асқақтатамын деп кең жазира даланы тарылтудың керегі жоқ! Осындай ұсақ әңгімемен қалай бедел жинайды адам? Пікір күтем!

Айгүл БОЛАТХАНҚЫЗЫ, журналист.

Facebook жазбасы.

Фотолар автордың парақшасынан.