Баян: «Кешірім сұрағым келеді»

0
715

Әр сахнаға шыққанында қоғамда резонанс тудыратын продюсер Баян Мақсатқызының да өзі мойындайтын өкініші бар екен деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы zamandas.pod ақпаратына сілтеме жасап.

Тілшімен болған сұхбатында атақты Баян Мақсатқызы өзі тәрбиелеп, сахнада жұлдыз етіп жарқыратқан әнші қыздары үнемі тастап кететінін айтады. “Мен продюсер ретінде қыздарды таңдауда өте қатаң талаптарға сүйенемін. Қыздардың шашынан бастап, құлағы, мұрны, тіпті саусақтарына дейін әдемі болуына шарт қоямын.

Осылайша өзім сұлу, сахнаға лайық деген қызды тәрбиелеп, жұлдыз етемін. Өкінішке қарай,  жарыққа шығарып, жұлдыз еткен қыздарымның бәрі мені тастап кетті. Үнемі ойлайтынмын, неге бұлай деп. Жауабын таптым. Өйткені кезінде мен де өзімді жұлдыз етіп жарыққа шығарған адамды тастап кеткен едім. Кейде сол адамнан кешірім сұрағым келеді”,-дейді Баян Мақсатқызы.

Фото ашық дереккөзден алынды.