Баян Мақсатқызы жиендерін бақпайтынын жасырмады

0
370

Танымал қазақстандық продюсер Баян Алагөзова қызы Айсәуле Бақытбектің балаларына қараудан бас тартты.

Блогер Айсәуле Бақытбек анасына пранк жасады. Ол отбасылық әңгіменің үзіндісін Instagram парақшасында жариялады.

Онда блогер анасына: “Достарымыздың кешіне баратын едік, үш баламды қарай тұрыңызшы. Үш жылда бір ақ рет өтініш айтып тұрмын” деді. Алайда Баян Алагөзова жиендерін қараудан үзілді-кесілді бас тартты.

“Ата-әжесі қайда?! Бала күтушісі қайда?! Ақыл-есің дұрыс па, қызым? Олар ұйықтамайды, айғайлайды. Бұл үйді білмейді ғой. Мені де танымайды. Жоқ, жоқ, жоқ. Балаларыңа жауапкершілік ала алмаймын”, – деді продюсер.