“Баян Мақсатқызына бойкот жариялау керек” дейді қоғам белсенділері

0
1306

Таяуда “Магнум” дүкеніне қатысты оқиғаға байланысты қазақтілді қоғам бір дүрліккені бар. “Мемлекеттік тілді сыйламайтын” “Магнум” дүкендер желісіне “бойкот” жариялаған көпшілік енді “қазақша сөйлемеймін” деген танымал продюсер Баян Мақсатқызына қатысты да “бойкот жариялау” керек дей бастады деп жазады Democrat.kz.

Өзінің әлеуметтік желісінде Ахметбек Нұрсила “Макси шай” туралы жазба жариялап, алайда постқа көрнекілік ретінде продюсер Баян Мақсатқызының “маған орыс тілінде сөйлеген комфортно” дейтін видеосынан скрин-фото жариялаған-ды.

Осы фото мен жазба астында “макси шайға да, Баянға да бойкот жариялау керек!”, “қазақша сөйлемейтіндерге бойкот!”, “макси шайды ішпейміз, Баянның парақшаларын қарамаймыз! Бойкот!” дескен пікірлер толассыз жазылуда.