Баян Мақсатқызына сәлем айтыңдар,»аңыз адам» Бибігүл анамыздан артық емес шығар деп…

0
4765

Жақында қазақтың бұлбұлы 95 жас мерейтойын атап өтті.

Алматы төрінде Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығына арналған концерт өтті. Кеш соңында ел алдына шыққан апамыз шәкірттерімен бірге ән шырқап, халықтың ықыласына бөленді.

Онымен қоса тоқсанның торқасына шықса да, көрермендерге иіліп сәлемін бергені тіпті жұрттың жүрегін елжіретті.

«Баян Мақсатқызына сәлем айтыңдар. Аңыз адам Бибігүл Төлегеновадан артық емес шығар», «Бұл кісілер орны бөлек асыл ғой», «Осы кісіден үлгі алсын», – деп жазды желі қолданушылары.