Баянның қызы «мал жігіттер» туралы айтты

0
1093

Желі жұлдызы, блогер Айсәуле Бақытбек тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес беріп, жар таңдауда қателеспеуге үндеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Блогер ару оқырман қыздарымен сырласып, бірнеше сұрағына жауап берді. “Қандай жігіттерді таңдаған дұрыс?” деген сауалға кеңінен тоқталды.

“Өздеріңізге интеллектісі жоғары жігітті таңдаңыздар. “Мал” жігіттер көп. Оларды басқаша қалай айтатынымды білмеймін. Ондай жігіттердің түрінен-ақ көрініп тұрады.

Бірақ соларға қыздар мүмкіндік береді. Ой-пиғылдары таза жігітпен танысыңдар. “Таза” сөзінің ішіне бәрі кіреді. Көкірек емес жігіттермен қарым-қатынас құрыңдар.

Екі сөйлемейтін, сөздерін аяқасты етпейтін жар жолықсын. Басқаның көзінше сені жақсы көретінін мойындайтын, үнемі жылы сөз айтатын жігітке қараңдар.

Болашақ жардың мінезі мен болмысы да өте маңызды. Мейірімді болуы керек. Егер жігіттің біреуді алдағанын көрсеңіз, кетіңіз”, – деп кеңес айтты Айсәуле.

Одан кейін желі жұлдызы өзінің күйеуіне де қатысты ақпаратты бөлісті.

“Күйеуімнің Шығыс Қазақстан облысына қатысы бар. Түп-тамыры – Семей өңірі. Бірақ Алматыда туып, осы қалада өскен. Бәрі жолдасымды найман руынан деп ойлайды екен, ол – арғын. Қос фамилияны алып жүрмін. Айсәуле Бақытбек-Қайдарова”, – деп жауап берді блогер.

Фото интернеттен алынды.