Бельгиялық Жәнібек өзіне адал серік тапқанын жазды

0
77

Белгиялық Жәнібек қазақстандықтарды қатты сағынғанын жеткізіп, басынан өткен қызықты оқиғасын бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

«Құрметті достар! Мен сіздерді қатты сағындым! Сіздерге бір күшті оқиға айтып берейінші.

Коста-Рикаға саяхаттаған кезде көшесі де, көлігі де жоқ аралға бардым. Тортугеро деген кішкентай арал — теңіз тасбақаларының да мекені. Қайық тоқтаған сәтте көше кезген көп иттің ішінен бір қара күшік менің жаныма келді. Сол сәттен бастап, ол менің жанымнан шықпай, керемет күндерді бізбен бірге өткізді. Осылайша, біз күшікке мейірім сыйладық, қамқорлық көрсеттік, иә, бірнеше күн болса да, жақын тартып, мейірім сыйладық», — деп жазды ол.

Жәнібектің оқырмандары жаппай оның анасының тез табылып кетуін тіледі.

«Ит — қазақтың жеті қазынасының бірі. Сенің қазақ екеніңді сезген шығар», «Анаң табылуына біз де тілектеспіз», «Ит жаныңа босқа келген жоқ, бұйырса анаңнан бір жақсылық хабар келеді», — деп жазған желі қолданушылары.