Белсенді педагог Ғани Бейсембаевқа сауал жолдап, кей мәселелерді сынға алды

0
1043

Әлеуметтік желідегі парақшасында белсенді ұстаз Гүлнара Хасан Оқу ағарту министріне сауал жолдады деп жазады Democrat.kz.

Өз жазбасында белсенді ұстаз:

“Оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалды, ал сізде әлі бірінші вице-министр, білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі жауапты вице-министр және Ұлттық білім академиясының президенті жоқ.

Бірнеше айдан бері кадр мәселесі бойынша ешқандай шешім қабылданбағанын ескере отырып, бұл жағдай сізді толықтай қанағаттандырып отыр деп ойлауға бола ма?

Сонымен қатар, сіздің екінші вице-министріңіз қайда? Жаңартылған мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (ГОСО) енгізу тұжырымдамасы қайда?

PISA халықаралық зерттеуі қалай өтіп жатыр, қандай болжамдар бар? ҰБТ туралы ақпарат қайда? Қысқы дайындық кезеңі (ОЗП) қалай өтті?

Неліктен оқу жылының соңында ведомстволық бағынысты мекемелердің басшылары қызметтен кетті? Бұл қалайша орын алды? Олардың есептері қайда?

Сапа мен білім мазмұнына бірнеше жыл бойы жетекшілік еткен адамдар кетті. Сіз олардың орнына вице-министр қызметіне педагогикалық шеберлік орталықтарындағы курстар мен тестілеуді ұйымдастыра алмаған, педагогтардың аттестация процесін жүргізе алмаған адамды тағайындағалы жатқан жоқсыз ба?

Айтпақшы, мақсатты мектептерге (целевые школы) қатысты тұжырымдама қайда? Олардың дамуын қалай көздеп отырсыз? Жыл соңындағы жағдайы туралы ақпарат қайда?

Неліктен МОДО мен Ұлттық баяндамадағы деректер сәйкес келмейді? Неліктен сіз жайлы мектептердің ұстаздарымен кездесіп, ал мақсатты мектептердің ұжымдарымен жүздеспедіңіз? Дәл солар сіздің қолдауыңызға мұқтаж емес пе?

Типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының сараптамасына қатысты ақпарат неге жоқ? Неліктен сіз КОПД-ның (Кәсіби оқыту мен педагогикалық дамудың) әлсіз жұмысына беймарал қарап отырсыз?

Сіздің жұмысыңызда бір нәрсе дұрыс жүрмей жатқан сияқты, құрметті Министр мырза. Мүмкін, енді ешкімді тағайындаудың да қажеті жоқ шығар…” деген сұрақтарын жариялады. 

Фото көрнекілік үшін.