Білім басқармасы неге дүрбелең тудырып отыр?

Демалыс күндері де тыныштық жоқ! Еңбекшіқазақ ауданындағы білім бөлімінің әрекеті заңға сай ма?
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы білім саласында тағы бір дүрбелең туып отыр.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Толеубекова А.А. мен білім бөлімінің маманы Булекбаева З.Б. өздеріне сын айтылып, жауап беретін сәт туғанда, “больничныйға” шығып, жауапкершіліктен жалтаруды әдетке айналдырғандай.
Бұл әрекеттен шаршаған мектеп басшылары мен оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар «Біз енді қайда қашсақ екен?» деп күйінген хат жолдады.
Мәселенің мәнісі – Аудандық білім бөлімінің басшысы 02 мамыр күні мектеп директорларына өткізген алқа жиналысында 04.05.25 мамыр демалыс күні құжаттарды тексертуді бұйырған.
Бұл әрекет педагог қауымының ашуын туғызды. Мұғалімдердің демалыс күніне қол сұғу, оларға демалыссыз қысым көрсету – заңға да, адамгершілікке де сыймайды.
Аудандық білім бөлімі демалыс күніне бұйрық та шығармаған. Бірақ, тексеру жүргіземіз деп айтып отыр. Демалыс күні жұмыс істетуге Еңбекшіқазақ ауданының заңды құқығы барма?
Сұратылған көлемді құжаттарды дайындауға қажеттінің бірі – қағаз бен принтер сиясы. Бұл құралдар білім бөлімі тарапынан мектептерге 2022 жылдан бастап берілген жоқ!
Мұғалімдер мен мектеп әкімшіліктері білім сапасына жұмыс істегісі келеді, алайда шектен тыс білім бөлімі тарапынан тексеру мен қағазбастылық, демалыссыз жұмыс мектептерді титықтатып жіберді.
Ол аздай мектептерден құрып алған топ мүшелері «04.05.25 мамыр демалыс күні келе алмаған мектептерге понедельник алдында бөлінген топтармен мектептеріне барасыздар» десе, білім бөлімінің маманы Булекбаева З.Б «Өзі де солай болады ғой. 85 мектепті бір күнде үлгермейміз деп, жинап жатырмын» деп жазып отыр. Аудио жазбада нақты тексеру деп айтып, бұл айқай әлеуметтік желіге таралған соң зерделеу деп түсіндірді.
Зерделеу болса бұйрық қайда неге алдын ала берілмеген. Нақты зерделеу болса бармаған мектептердің тәрбие орынбасарларын не себепті тәрбие группасынан шығарып тастаған. Мектеп басшыларын да группалардан шығарып тастаған.
Бұл сонда қандай зерделеу?
Әлде, білім бөлімінің мамандары осылай өш алып отырма. Жұмыс үшін ашылған группадан мектептерді шығарып тастаса олар жұмыстарын қалай жасайды?
Мектептерде кезек күттірмейтін мәселе шаш етектен. 18 жасқа толмаған балалармен оқыс жағдайлар орын алады, игерілмеген қаржы бар, мектептермен балабақшада орын алатын төтенше жағдайлар бар соған қарамай аудандық білім бөлімінің басшысы алдын ала кезекке жазылыңыздар деп қабылдамайды екен.
Сонда балабақша меңгерушісі мен мектеп басшысы осы аталған төтенше оқиғаларды қалай алдын ала білуіне болады немесе кезекке тұру үшін болжам жасап барып тұрадыма. Білім бөлімінің басшысы мектептермен балабақша қызметкеріне құдай іспетті көрінеді екен.
Бұл мәселе Еңбекшіқазақ ауданымен шектеліп қалмауы мүмкін. Сондықтан жергілікті білім басқармасы мен облыстық деңгейдегі мекемелер бұл жағдайға назар аударып, заңдылық пен әділеттілікті сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.
Оңғар ҚАБДЕН, журналист.
Фото көрнекілік үшін.