«Білім бөліміндегілердің мұнысы — нағыз маразм, кәдімгі қылмыс» дейді экс-шенеунік (ВИДЕО)
Өзінің әлеуметтік желі парақшасында видео жариялаған экс-шенеунік Ермұхамед Ертісбаев мұғалімдер туралы пікірін айтты деп жазады Democrat.kz.
2024 жылғы желтоқсан айында семейлік мұғалім шырша құрып жатып құлағын мәлім. Мұғалім құрып жатқан шырша қаланың орталық алаңындағы шырша еді.
Осы мәселеге қатысты Ермұхамед Ертісбаев: «Мұғалімді ондай жұмыстарға қалалық білім бөлімі жұмсайды. Білім бөлімдерінің бұл әрекеті — нағыз маразм, кәдімгі қылмыс!
Біздің елде мұғалімдерді арзан жұмысшы ретінде пайдаланады. Жазда мұғалім көше сыпырып, ремонт жасаса, қыста шырша құрады.
Ал сайлау кезінде мұғалімдеріміз саяси науқанды ұйымдастырушыға айналады. Уәде етілген «Мұғалім мәртебесі» қайда қалды? Ел болашағы үшін тікелей жауапты саналатын мұғалімдерге деген құрмет қайда?
Мысалы, Жапония, Финляндия сияқты елдерде мұғалімнің статусы біздегі топ-менеджерлерден жоғары. Бізде неге олай емес? Себебі біздің билік мұғалімдерді профессионал маман деп қарамайды.
Билік мұғалімді қолбала санайды. Осы сөзімізге Семейдегі оқиға дәлел бола алады. Сөгіс, ескерту берумен сол оқиғаның беті жабыла салды. Бұл дұрыс емес!
Мұғалімді міндетіне кірмейтін жұмыстарға жегуді түбегейлі тоқтату керек. «Мұғалім мәртебесі» заңының орындалуын қатаң қадағалау керек. Мұғалімді сөз жүзінде емес, іс жүзінде құрметтеуге тиіспіз», — деді.
Фото интернеттен.