Білім кәсіподағы сұраққа жауап бермейтін ұйым ба?

0
615

Білім кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева ханымға ашық хат

Құрметті Айгүл ханым, сізге соңғы 2 айда сізге бірнеше ашық хат жазып, бірнеше сұрақ қойған болатынмын.

Бірақ сіз жауап бермеген сайын сұрақтар көбейіп жатыр.

Бүгін әлеуметтік желіде Білім кәсіподағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізгені туралы ақпарат тарады..

Соған орай менде тағы сұрақ пайда болды (Бұрынғы сұрақтарым әлі өз күшінде, себебі сіздер тараптан жауап болған жоқ)..

Сұрақ:

  1. Бұл Халықаралық конференцияны өткізуге кәсіподақ мүшелерінің жарнасы жұмсалды ма?

Егер жұмсалған болса, конференция өткізуге қанша қаржы жұмсалды?

  1. Қашаннан бері Е.Көшербаев Қазақстан Республикасының премьер-министрі?

Жай қателік дейін десем, сіздер таратқан ақпараттың қазақ тіліндегі нұсқасында да, орыс тіліндегі нұсқасында да “премьер-министр Е.Көшербаев” деп көрсетілген.

Бұл сонда саяси интрига ма?

Жарна төлейтін кәсіподақ мүшесі ретінде өз басым педагог қызметкерлердің күйін күйттеп, құқын қорғауы тиіс қоғамдық ұйымның саяси интригаға араласуына қарсымын.

Осы жолы сіз менің барлық сұрақтарыма жауап береді деп үміттенемін..

Сізге деген құрметпен Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ

кәсіподақ мүшесі, “Зияткер-Ұстаз” қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Фото көрнекілік үшін.