Білім саласындағы ақша жымқырудың ең көбі қай облыста болған?

0
377

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі  Данияр Бегайдаров білім саласындағы жемқорлықты айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2023 жылдың басынан бері осы салада барлығы 287 қылмыстық іс тіркелген.

«Жымқырудың ең көп сомасы Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстарында және Алматы қаласында анықталды. Қылмыс жасауда 386 адам әшкереленді, оның ішінде 207 адам сотталып, түрлі жазалау шараларына сотталды»,- дейді Бегайдаров.

Ол Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жаңақорған ауданының білім бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты іс жайлы айтты. Оған және оның қарамағындағыларға — бас бухгалтер мен бас экономистке, сондай-ақ 24 мектеп бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

«Олар мектептерде іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақы түрімен аудару арқылы 213 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырған деп айыпталды.

Бұдан басқа, Білім бөлімінің бас бухгалтері қылмыстық жолмен алынған 6,5 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатты заңдастырды деп айыпталды.Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Тараз қаласы Политехникалық колледжінің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша талапкерге жалпы білім беру грантын беруге көмектескені үшін пара алды деп айыпталып отыр»,- дейлі ол.

Қазіргі уақытта қылмыстық істің материалдары сотқа жолданды.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.