Білім саласының сертификаттары ыстық бәліштей сатылып жатыр

0
2378

Ұстаздар отыратын әлеуметтік желі топтарында тараған ақпаратта білім саласына қатысты түрлі сертификаттардың еш кедергісіз сатылып жатқан жарнамасы тарады деп жазады Democrat.kz.

Тараған жазбадан түсінгеніміз, мұғалімдердің аттестациясына жарамды, базаға тіркелетін, 514 бұйрықта көрсетілген біліктілік сертификаттары ашықтан-ашық сатылуда. Төмендегі суреттерден қандай сертификат, қай дәрежеде саудаланып жатқанын білу қиын емес.

Ақшасын бүгін төлесеңіз, 2-3 күнде тиісті сертификаттың иесі боласыз. Қолма-қол төлейтін ақшаңыз жоқ па? Уайымдамаңыз, Каспимен бөліп төлеу мүмкіндігі де қарастырылған.

«Қазақстандағы білім сапасын арттырамыз! Білім саласындағы жемқорлықпен күресеміз!» деп күшеніп жүрген кісілер бар еді.

Мұғалімнің білім дәрежесін айқындаушы мынадай сертификаттар ыстық бәліштей сатылып жатқанда, әлдебір жобаларды ойлап тауып, «PISA-дағы көрсеткішті көтереміз» деу — далбаса тірлік.

Білім саласында сатылмаған кімдер мен нелер қалды өзі?

Дайындаған — Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.