Білім сапасы төмен мектептің директоры өз еркімен жұмыстан кеткені жөн

0
525

Шымкентте білім сапасы, жемқорлық, заңсыздықтар, ақша жинау өткен ғасыр аяғынан бері көз алдымнан өтті. Білімге Әкім Ғ. Әбдірахымов келген кезінен, қоғам талабымен көңіл бөлініп, косметикалық жөндеуге шарушылық заттарға қаржы бөліне бастады.

Ғ.Әбдірахымовтың бастамасымен мектеп директорларын қабылдау комиссиясы құрылды. Кейіннен Қазақстанда алғашқы рет мұғалімдерді комиссия үміткерден бетпе-бет сұрақ беріп қабылдау қолға алынды.

Ол мұғалім білімінің жан- жақтылығын анықтауға мұмкіндік берді. Көзбе-көзде үміткерлердің А. Құнанбаевты , Маяковскиді Қазақстан жазушылар одағының мүшесі дегенді де есіттік.

Бір-екі үміткер М.Шахановты 17-18- ғасырда өмір сүрген деді…А.Байтұрсыновты 95%білмейтін көрдік.

Білім сапасын Ж.Тәжиева ханым да қолға алып, директорларды шыжғыратын сияқты еді. Нәтиже болмағаны ма? Тікелей өзі 400 аса мұғалімнің категориясын тестіден жалған өткенін анықтап, артық алған жалақыларын қайтартып былықтың бетін ашқанын білеміз.

Иә, ол кезде әкімшілік тарапынан әзіргідей, тікелей қолдау, талапты байқамадық.

Білім сапасы жөнінен Республикада ең соңғы 20 -орын алу —  әкімдерге сын. Осы үшін қоғам тарапынан орындарын босатуға талап қоюға да болар еді.

Білім саласына жауапты әкім орынбасары С.Абайұлы келгелі білім сапасын көтеруге, заңсыздықтарға жол бермеуге тікелей өзі араласуы, мекемелерді аралап кемшіліктерді өз көзімен көріп жүргенін көрудеміз.

Мектеп директорларына да қатаң талабын қолдаймыз. Мен де үнемі айтып келемін, мектеп директоры, мектептің университеті болу керек деп.

Мұғалімдерге өзі ашық сабақ өткізіп, тәжрибесін көрсетсе, мұғалімдер біліктілігін арттыруға үлкен пайда. Сабақтарына кіріп талапты күшейтсе, қабілеттілері білімін жетілдіреді, қабілетсіздері өздері кетеді. Осылай Шымкент 20-орыннан көтерілер еді.

Қосымша білім беру мекемелеріне ешкім көңіл аудармайтын: өткен Брифинкте С.Абайұлы 28000 жасөспірім қосымша білім беру мекемелерінде тіркелгенін айта келіп:

Бір мекемеде 4000 оқушы тіркелсе, баратыны 700 оқушы ғана болғанын айтып мекеме атын атамады. Мүмкін 700-ге жетпейтін шығар.

Міне біз осылай балаға білім тәрбие беру орнына қаржы жымқырып мемлекетімізге көмектесудеміз. Артық 3300 балаға миллиардтаған қаржы бөлінетін шығар.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» заңында мемлекеттік қызметкер «Жемқорлыққа қатысты қандайда бір қылмысты байқаса тиісті органдарға қабарлауы міндетті» делінген.

Аты жоқ мекемдегі артық 3300 балаға қатысты С.Абайұлы мырза не шара қолданар екен? Қалған мекемелер де тексеріледі ме? Жеке меншік балабақшалардың да, бала санын анықтау керек.

Осы екі-үш жыл алдын Щымкент қаласы білім сапасынан Республикада алдыңғы қатарларда сияқты едік, қалай 20-орынға түсіп кеттік?

Білім сапасы төмен мектеп директорлары өз еркімен кете беру керек.

Бұл жерде мектеп ерекшіліктеріне де қараған дұрыс. Кей мектепте аралас қазақ, орыс, өзбек сыныптары бар осы жағы да сапаға әсер етеді.

Жарқынбек СЕЙТІНБЕТ, қоғам қайраткері.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін.