Бірдей, ұқсас сандарды жиі көру нені білдіреді?

0
303

ТикТок әлеуметтік желідегі парақшасында Жанат Бақыт келесі бір «тылсымы» туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.

Жанат Бақыттың айтуынша, әр адамның жанында қорғаушы, жәрдем етуші періштелері болады екен. Бір адамның 3, енді бірінің 5-7, кейбіреудің 20-30 қорғаушы періштесі болады деген Жанат Бақыт: «Бірдей санды жиі көру — періштелердің хабары. Бір жақсылық болатынын сізге хабарлағаны. Сондай-ақ бір жерге баруға жиналғанда, не көлігіңіз оталмай немесе басқалай кедергілер шығады. Бұл сізге періштелеріңіздің ол жаққа бармасын деген ескертуі» дейді.

Фото интернеттен.

@zhanat.baqyt

Мұхаммед Пайғамбар да: «Мен сіздердің көрмегендеріңізді көремін, естімегендеріңізді естимін. Көк жүзінде төрт саусақ сиятындай бос жер жоқ. Барлық жерде періштелер бар…» – деп, періштелердің бар екенін, әрі олардың сандық тұрғыдан да есепсіз көптігін баян етеді. Тәлімгер-Періштелер барлық адамның қасында бар. Олардың саны мен деңгейі, Адамның Жерге келген миссиясына қарай әрқалай. Кейбір адамның Тәлімгерінің саны 5-тен көп, кейбірінің Тәлімгері 30-дан көп дегендей. Осылай кете береді. Тәлімгерлер бізге «Әрдайым қасыңдамын. Көмектесуге дайынмын. Құдайдан тіле, ал бізге тапсырмаңды бер» деп белгі береді. Жан-жаққа қарағанда да, сағатқа қарасаң да 11:11, 14:14; 22:22 деген сынды бірдей санды көретін боларсыз, иә?. Ол — Тәлімгердің белгісі. Жаныңыздағы әр Тәлімгердің өз жұмысы бар. Біреуі физикалық денеңізді түрлі қауіптерден қорғайды. Мысалы, кейде көлігіміз оталмай қалады, автобус бұзылады, үйде қақпа ашылмай, баратын жерге кешігеміз, ондайда ашуланбаған жөн, себебі бұл кезде Тәлімгерлер сізді қандай да бір қауіптен құтқарып қалды деген сөз. Одан кейінгі Тәлімгерлеріңіз «Кармалық қарым-қатынасыңызға» байланысты жақындарыңызбен қандай қатынаста болуыңыз керек, кіммен қай кезде кездесуіңіз тиіс, «Тағдыр сценарийіңіз» бойынша әрекет етеді. Кейбір адам Тәлімгерлерін көреді. Олар ешқашан ұрыспайды, таңдау еркіңізге кірмейді, вибрациялары жоғары. Басқа да төмен күштерден энергиясы арқылы ажыратасыз. Бұрын «Түйсігім айтып тұр», «Интуициям алдамайды», «Ішім сезіп тұр» деуші едік қой, міне, сол түйсіктен келетін ақпарат Тәлімгерден келеді. Күнделікті Тәлімгерлеріңізге «Парковкадан орын дайындап қойыңдар», «Такси шақырғанда таза, комфорт көлік келсін», «Дүкенге барғанда кезек болмасын» деп тапсырма берсеңіз, олар міндетті түрде орындайды. Кейде Тәлімгерлерді естімей, сезбей жатсаңыз, аяғыңыздың астын шайқалтып, жерді сілкігендей етіп сездіртеді. Кейде атыңызды дауыстап шақырғандай болады. Ал сіз, Тәлімгеріңіздің белгісін қалай сезесіз? #жанатбақыт

♬ оригинальный звук — Zhanat Baqyt