Бишімбаевтан кейін еркектен қорқатын қыздар көбейді

0
121

Белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызы тұрмыс құрғысы келмейтін қыздардың көбейгенін айтып, дабыл қақты деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Журналист отбасындағы екі адамның бір-біріне сезімінің берік болуын түсіндірді.

“Боянып отырғанмын. Есік ашылып, «мен күйеуге шықпаймын» деген сөздермен бір қызым (командамыздың мүшесі) кіріп келді. Мені бояп тұрған визажист те «мен де қорқамын шығуға» деп қостай кетті. Соңғы кездері жастардан бұл пікірді жиі естимін. Себебін сұрасам:
– Эмоцияның адамы бірінші істеп алып, кейін ойланады. Сондайда ұрып жіберсе ше?
– Сөзге келіп қалудан қорқамын…
– Көзіме шөп салса ше?
– Менің сөзіммен санаспай, өзінікін жасай берсе?
– Ата-енем қатал болса…?
– Баламен ешқайда шығармай, үйде отырғызып қойса?”, деп жалғастыра берді. Аргументтері жетеді енді”, – деп әңгімесінің шетін шығарды.

Медиа өкілінің айтуынша, әйелін ұрып өлтірген экс министрдің әрекетінен кейін, тұрмыс құрғысы келмейтін қыз көбейген көрінеді.

“Енді мені, «неге тұрмыс құруды бақытсыздықпен тең көретіндер көбейіп кетті?» деген ой мазалап жүр. Бес саусақ бірдей емес. Күйеудің бәрі Бишімбаев сияқты деген сөз де емес.

Білесіз бе, отбасы деген нағыз бақыт, бағалай білген адамға. Ішінде екі адамның бір-біріне деген қамқорлығы, мейірім, төзім, жақсы көру, сыйластық, бірігу, талпыну, армандау, мақсатқа жету сияқты қанша эмоция, іс-әрекет жатыр…

Қыздардың бұл ойы мені қатты алаңдатады. Мені оқитындардың 72,5%-ы қыз-келіншектер. Арасында 16-20 жасар қыздар да бар. Айтыңыздаршы, неге тұрмыс құрудан көп қыз қашады?” – деп сауал тастады журналист.

Фото ашық дереккөзден алынды.