Бишімбаевтың адвокаттары өтініш жасады

0
147

Бишімбаев ісі бойынша бүгін жалғасын тапқан сотта Қ.Бишімбаевтың адвокаттары бірнеше мәлімдеме жасады деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы Qumash телеграм арнасына сілтеме жасап.

Бишімбаевтың адвокаттары алға тартқан уәждер:

▪️Салтанат Нүкенова Бишімбаевты қызғанатын әйел болған.

▪️Бишімбаев абьюзерлік пен қатыгездік жасады деген айып шындыққа жанаспайды.

▪️Камера жазбаларын істен шығару керек еді, өйткені ол камера жазбалары заңсыз алынған.

▪️BAU ресторанында тергеу эксперименттерін жүргізу керек, себебі куәгерлердің сөзі түрлі шығуда.

Сондай-ақ Бишімбаевтың адвокаттары “Асқан қатыгездікпен адам өлтіру” бабын “Абайсызда өлтіріп алу” бабына ауыстыруды да сұрап өтініш жолдады.

Ал Нүкенованың адвокаттары қарсы тараптың бұл өтініштерін қабылдамауды сұрады.

Фото ашық дереккөзден алынды.