Біз президент айтқандай  әділетті, қауіпсіз және таза Қазақстанда өмір сүргіміз келеді», – деп жазды Берген Беспалинов.

0
195

«AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалының төрағасы Берген Беспалинов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының ХХХІV сессиясында көтерген мәселелеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол сөз басында Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығы қарсаңында бүгін Ассамблеяның XXXIV сессиясында мемлекет басшысы ел дамуының стратегиялық бағыты мен қоғам бірлігінің терең мәнін тағы бір айқындап бергеніне тоқталып өтті.

«Президент этносаралық келісім мен бірліктің маңызын айта отырып, бүгінде оның бастамасымен былтырдан бері жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясына ерекше тоқталды. «Таза Қазақстан» – біздің бүгінгі және ертеңгі күніміздің кепілі. Сондықтан жұмыс үздіксіз жалғаса береді. Біз әр азаматтың, әсіресе, жастардың бойына тазалық, ұқыптылық, жауаптылық сияқты қасиеттерді сіңіруіміз керек. Таза, тазалық, бұл – киелі сөздер. Ары таза адам ешқашан елін сатпайды», деді президент.

Бұл игілігі мол акция Ақмола облысында әр бейсенбі жүйелі түрде өтіп жатыр. Бүгін партияластармен бірге Көкшетау қаласындағы Центральный шағын ауданын қоқыстан жинап, тазарттық. «Таза Қазақстан» бұл – жай науқан емес, бұл – жастарға білім мен тәрбие беру деген сөз. Баршамызға қатысы бар идеологиялық маңызды іске әр қаланың, ауылдың, көшенің және ауланың тұрғындарын жұмылдыру керек.

Біз президент айтқандай  әділетті, қауіпсіз және таза Қазақстанда өмір сүргіміз келеді», – деп жазды «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалының төрағасы Берген Беспалинов.