«Бізде сәлем салдырмай, батаны келінге тегін береді» дейді продюсер

ТикТок парақшасында танымал продюсер Баян Мақсатқызы келіннің сәлем салуына қатысты тағы бір видео жариялады деп жазады Democrat.kz.
Отбасылық видео түсірген Баян Мақсатқызы: «Менің «Орал жақта келіндер сәлем салмайды» деген сөзім үшін жұрт шулап пікір жазуда. Мама, айтыңызшы, біз жақта келіндер сәлем салмайды ғой, солай ма? Міне, біздің үйдің келіні, ол да сәлем салмайды. «Сәлем салған келінге бата береді» дейді жұрт. Біз жақта үлкендер батаны келінді сәлем салдырмай-ақ, тегін береді» деді.
Фото көрнекілік үшін.
Watch on TikTok