Біздегі саммит туралы шетелдік БАҚ не жазуда?

0
103

Батыстық БАҚ Астанада өтіп жатқан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) саммитіне байланысты жан-жақты пікір білдіруде, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Олардың жазуынша, ШЫҰ Қытай, Ресей және Иранды біріктіретін «НАТО-ға қарсы» жиын ретінде сипатталуда.

«Орта Азия мемлекеттері географиялық шындығынан қашып құтыла алмайды және экономикалық жағынан өркендеуі үшін Ресей мен Қытайға үлкен сенім артуға тиіс. Сонымен қатар олардың болашақтағы тәуелсіздігі белгілі бір ережелерге негізделген халықаралық тәртіпке құрмет көрсетуін талап етеді», — дейді The Times Of Central Asia агенттігі.

Сонымен қатар олар Қазақстандағы соңғы демократиялық реформалар «НАТО-ға қарсы» елдердің авторитарлық бейнесіне қарама-қайшы келіп жатқанын да алға тартады. Жақында Армения Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт (ҰҚШҰ) ұйымындағы мүшелігін тоқтататыны туралы мәлімдеген еді. Жалпы алғанда, аймақ елдері – әртүрлі ынтамен – көпвекторлы сыртқы саясатты жүзеге асырып келеді.

«ШЫҰ-ның Астанада өтіп жатқан іс-шарасы Шығысқа бағытталған көшбасшылар тобын біріктіреді. Олар Ұйым мүшелері арасындағы ынтымақтастықты тереңдету туралы сөз қозғайды. Батыс баспасөзі бұл жиынды Батысқа қарсы деп айыптаса да, Орта Азияның Ресейге қарсы халықаралық санкцияларды қолдауы және Украинамен қақтығыста бейтараптық танытуы Владимир Путин мен оның жақтастарын айтарлықтай ренжіткені рас», — дейді басылым.

Фото интернеттен алынды.