Блогер Aeka Posh қуанышты жаңалығымен бөлісті

Қазақстандық танымал блогер, әлеуметтік желі қолданушыларына Aeka Posh есімімен белгілі Айым Алтынбекова көпшілікпен қуанышты жаңалығын бөлісті. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.
«Сіздер маған ең жақын адамсыздар, сол себепті мұндай қуанышты жаңалықты одан әрі жасырып жүре алмадық. Жақсылық тілеген әрбір жанға Алла Тағала үйіп-төгіп сәби нәсіп етсін», – деп жазды блогер.
Желі қолданушылары Айымның жаңалығына жылы лебіздерін білдіріп, жүрекжарды тілектерін жаудырып жатыр.
Айта кетейік, Айым Алтынбекова 2024 жылы тұрмыс құрған болатын. Бұл жаңалық сол кезде де желіде кеңінен таралып, көпшіліктің ықыласына бөленген еді.