Блогер Әлішерді сотқа бермей, кешірсек болмай ма?

Өзінің парақшасында қоғам белсендісі Бурахан Дақанов блогер Әлішер Теменовке қатысты өтіп жатқан сотқа пікір білдіріп, сауал қойды деп жазады Democrat.kz.
“Алматыда сот болып жатыр. Әлгі, Мұқағали Мақатаев ағамыз жайлы шатасып сөз айтқан Әлішер деген жігіт бар еді ғой, мен шырылдап араша сұрап қорғаған, соны, Мұқағали ағамыздың ұлы сотқа беріп, моральды шығын ретінде 10 миллион теңге сұратып жатыр екен.
Жалпы, сол уақытта бәрі оңынан шешілген, ат тон айыбын төлегендей еді Әлішер. Оның үстіне, Мұқағали ағаға тіл тигізді деп намыстанған көптеген ерлер, үйін торуылдап, аң аулағандай ұстап алып, ақын ағамыздың ауылына апарды.
Апарып, әкесін жылатып, Әлішерді тізерлетіп, мүсін жанында кешірімде сұратты. Оны халық боп көрдік, тіпті досымның тізерлеп тұрған видеосын осы жердегі бірнеше депутаттарда парақшаларына салып, өзіне сол керек дегендей пиғыл танытқан тұғын.
Дененмен, қанша жерден шатассада, өз Қазағымыз ғой, жаман болсада өз бауырымыз деп мейірімді қоғам кешіргендей еді. Бірақ, кешелерден бері 2 жасар баласы, екіқабат қатыны бар 25 жасар Әлішерді қайтадан істі қып, сотқа тартып жатқан көрінеді.
Ағайын, шыны керек, эмоциясыз ойыңызды айтыңызшы. Әлішер сол кезде ел алдындағы айыбын толыққанды жуып шәйдіме, әлде моральды шығынға мына 10 млн теңгені төлеп бірақ құтыладыма?
Пы—сы: біздің ата бабамыз жайлы кім не демеді, батыр ғана емес, керек болса хан болған атамызға нан жайдырып қойғандарда болды, алты алашқа атағы жайылған Абайды, қазіргі заманда өмір сүрсе бір блогер ақын болар ед дегендерде болды.
Мұндай мысалдар көп. Бірақ бірде біреуін былай тізерлетіп, кешірім сұратпаған еді. Тіпті мұрттарыда қисайған жоқ. Бірақ, мына жағдайда қоғам неге сонша қатты кетіп барады? Қалай ойлайсыз?” деп сауал тастады Бурахан Дақанов.
Фото интернеттен.