Блогер Ілияс Сариев ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді

0
437

Белгілі журналист Руслан Өтепбай өзінің Instagram парақшасында блогер Ілияс Сариевке қатысты маңызды мәліметтермен бөлісті.

Оның айтуынша, Сариев бұрын да ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған.

Журналистің мәліметінше, Ілияс Сариев сот шешімімен екі ай мерзімге қамауға алынған. Егер оның кінәсі дәлелденсе, заңға сәйкес бес жылдан жоғары мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар, арызданушылар саны мен келтірілген шығын көлемі артқан жағдайда, жаза мерзімі ауырлай түсетіні айтылды.

Руслан Өтепбайдің айтуынша, Ілияс Сариев ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілініп отыр. Бұған дейін де оған ұқсас құқық бұзушылықтар бойынша сотталғаны белгілі. Ең сорақысы, бұл жолғы құқық бұзушылық оның пробациялық бақылауда жүрген кезінде орын алған болуы мүмкін.

«И. Сариев ауыр дәрежедегі қылмыс жасағаны үшін күдікті. Қылмыстың сипаты мен оның бұрынғы сотталғандығы назарға алынып отыр. Сондай-ақ, ол пробациялық бақылау кезінде тағы да қылмыс жасады деген күдік бар», – деп жазды журналист.