Босқындар Түркияның туын қорлап, халқына айбат шекті (ВИДЕО)

0
941

Түркияда екі күннен бері халық наразылығы басылмай тұр деп жазады Democrat.kz.ақпараттық порталы Түркиядағы ақпарат құралдарына сілтеме жасап. 

Сириялық босқындардың арсыз әрекетінен туындаған наразылықтың ақыры ушығып барады. Бұл туралы сайтымызда мақала бар.

Түркия топырағына өз еліндегі соғыстан бас сауғалап қашып келген босқындар Түркияның ресми байрағын өртеп, табанына салып, таптауда.

Босқындар тарапынан жасалған мұндай әрекеттер Түркияның  бірнеша қаласында орын алған. «Түріктің бүкіл байрағын осылай етеміз!» деген босқындардың видеолары Х желісінде челендж болып тарауда.

Босқындарды өз еліне кіргізіп, қолынан келген көмегін аямаған түрік халқы олардың қазіргі шектен шыққан әрекеттеріне ашуланып, босқын тұратын барлық аудандарда шеру өткізді.

Қазіргі кезде бүкіл ақпарат тек Х әлеуметтік желісі арқылы ғана тарап жатыр. Түрік журналисі Ибрагим Хашкоғлұ Хатай қаласындағы үлкен бір дүкен отқа оранды деп жазады. Бұл дүкен сириялық босқындардың біріне тиесілі көрінеді. Осыған ұқсас оқиғалар өте көп.

Мысалы, кеше түнде Кайсериде сириялық босқындар тұратын үйлерге түріктер тас жаудырды. Босқындарлың меншігіндегі дүкен, шеберханалар т.б. да наразы топ тас лақтырып, қиратты.

«Мұсылман бауырмыз дейді. Дінде ешқандай бауыр болмайтынын Сирия, Ауғанстан, Пәкістан, Ирак, Ираннан келген мұсылмандар бүгін дәлелдеп берді. Бауырластық тек қанмен ғана орнайды. Осыны қазір түрік халқы тағы мойындады. «Мұсылманбыз, бауырмыз» деп елімізге көмек сұрап келген босқындар бұл күнде төбемізге шығып, байрағымызды таптап, бізге үстемдік етуге кірісті. Тағы да қайталап айтамын, мұсылман бауырым деген нәрсе жоқ!» дейді біз хабарласқан кайсерилік Яшар Саваш.

«Жайшылықта «ойбай, мұсылман бауырларымыз» деп соларды жақтап, зар-зар етіп отыратын бір де бір имам, қожаның тырс еткен дыбысы шықпады. Ізім-қайым жоқ! Қайда сол о дүниені көріп келгендер? «Мұсылман бауырмыз, мұсылман-мұсылманға жамандық жасаса, тозақта жанады» деп көкіп отырушы еді. Қазір мұсылман — мұсылманды қорлап, таптап жатыр, ал имам, молда, қожалар түйеқұстай жасырынып жатыр. Өз жерімде қаңғып келген босқын маған қол көтеріп, байрағымды өртеп, ата-бабама тіл тигізуде. Мұнан асқан қорлық бар ма?»- дейді бурсалық Өзжан Мехметоғлы.

Мақаланы дайындаған,

Меруерт ХУСАИНОВА.

                                                                                        Democrat.kz.

Басқа да ақпараттарды төмендегі сілтемеге өтіп оқып, көре аласыздар. 

Фото интернеттен алынды.

https://x.com/siyahsancakx/status/1807801200076878037?t=8qd9XQtPH7kMVvG6SpXt3g&s=08

https://x.com/haskologlu/status/1807878047909269526?t=aSvvqV6FALVOjsVf1qd4YQ&s=08

https://x.com/MertArmagan53/status/1807782604638233036?t=mzkqtLmlyWxMlUioYZ4oRQ&s=09

https://x.com/ladoca12/status/1807603616141672601?t=vzcriXwUfxXkYrXGm9dk6g&s=09