Бүгін Президент Тоқаевтың туған күні

0
118

Бүгін — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің мәлімдеуінше, Қасым-Жомарт Тоқаев үшін бұл әдеттегідей жұмыс күні. Ол жұмыс орнында қызметін атқарады. Атаулы датаға орай ешқандай іс-шара жоспарланбаған.

Мемлекет басшысы бұған дейінгі жылдары да осындай ұстанымда болған. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толды. Тағы бір айта кетерлігі, биыл Президент елдің бірқатар өңіріндегі су тасқынына байланысты бюджетті үнемдеу үшін елдегі имидждік және басқа да ірі іс-шаралардан бас тарту туралы тапсырма берген болатын.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.