«Бүкіл түркілер қырғыздан тараған» дейді ағайындар
ТикТокта енді «Манас жыры» мен «Манас батырға» қатысты талас-тартыс туындады деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы.
Әлеуметтік желіде басталған талас-тартыстың басы «Манас — қырғыз халқының батыры емес» деген қазақстандық блогердің видеосынан шыққан.
Блогер Nurqojadua: «Манас пен Алпамыс екеуі бір адам. Алпамыс сөзі барлық түркі халықтарында кездеседі. Өзбек, қазақ, башқұрт, түрік сияқты халықтың жыр дастандарының кейіпкері. «Алмапша», «Алып мәмша», «Alp Bamsi», «Алып Манас» деген сөздер түркі халықтарының бір сөзі» деген ол «алып» сөзінің үлкен, жоғары деген мағынаны білдіретінін алға тартыпты.
«Қазақтар «Алып Манасты» қысқартып «Алпамыс» деген. Ал қырғыздар оны әскери шенімен «Манас» деп атаған» деп түйіндейді блогер.
Осы видеоға қатысты пікір жазған қырғыз бауырлар «бүкіл түркілер қырғыздан тараған. Бүкіл түркілердің тарихы қырғызға келіп тіреледі» десіп, ренішін де білдіріп жатыр.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.
@nurqojadua Манас батыр – бүкіл Еуразияға ортақ мирас! Қырғыздар, реңжімеңіздер 😅 #тарихағай #нұрқожа #қазақстан #кыргыз #манас