Бұл қазақты ешбір дін, ешбір күш жоя алмайды

0
295

Менің бүгін жан дүнием жабырқаулы…Елге ортақ қасірет: әділетсіздік, жағымпаздық.

Мектепке орамал тартуды, умраға шақырып, мешіт салуға садақа жинап, қазақтың салт-дәстүрінен безген арапқұлдар, бүгінде ұлттық құңдылықтарға ашықтан ашық қарсы шықты.

Ал, өз тілінде жазылған сөйлемді оқи алмайтын, елде билікте отырған сауатсыз, сорлы, мақұлықтарды көру мен үшін қасірет…

Есікті жауып, осыларды көрмей, телефонды ағытып, ұйқыға кетіп, барлығы жақсы болғанда оянып, қуанышты халқымды көргім келеді!

Қазақ ашаршылықта да қазандағы қаспақты қанағат қылып, озбыр обадан да аман қалған.

Қазақты Жоңғар да жер бетінен жоя алған жоқ…

Орыстың байлықты алып, қолдан ашаршылық жасап, қазақтың зиялы қауымын қырған саясатынан да аман қалдық.

Қазақтың көрген қиындығын басқа ұлт көрсе, тарих бетінен жойылары анық.

Рухы биік халқым бәрін женді және жеңеді!

Қой үстіне бозторғай отыратын күн туады.

Қазағымның бақытты күнің көру бар арманым!

Ұлтымыздың салт-дәстүріне сенуге

Бабалар әруағы қолдасын!

Райхан МАТАЙ, этнограф, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.