Бұл жиіркенішті топқа тыйым салуға тиіспіз

Алматыдағы «Амировка» деп аталатын ЛГБТ өкілдеріне арналған клубта жиіркенішті һәм түсініксіз оқиға болды. Әуелі Елисей есімді азамат әлеуметтік желіде видео жариялап, клуб қожайыны өзін зорлағанын мәлімдеген еді.
Кейінірек «Амировканың» иесі ешкімді зорламағанын, бәрі екіжақты келісім бойынша болғанын алға тартып отыр. Ең сорақысы, клубтың иесі Амир Шайкежанов есімді азаматтың ВИЧ-қа шалдыққаны белгілі болды.
Қорлық көрсетуді, зорлауды ешқашан ақтамаймыз. Бірақ бұл ЛГБТ өкілдерінің деградацияға ұшырағанын анық көрсетеді. Шындап келгенде, еркекпен еркектің немесе әйел мен әйелдің жыныстық қатынасқа түсуі деген мүлдем ақылға қонбайтын, аморальды дүние.
Кейінгі уақытта осы ЛГБТ-шниктер әлеуметтік желіде белсеніп, өздерін жиі насихаттайды. Біздің қоғамда мұндай сорақылықтың болғаны дұрыс емес. Бұл – біздің қоғамға жат, ұлтымызда жоқ, батыстың қаңсық түсінігі. Оны күштеп қазақ еліне әкелуге тыйым салу қажет.
Біздің мәдениетімізге де, түсінігімізге де, ұлттық болмысымызға да жат. Оны күштеп тықпалаудың ақыры осындай болады. Міне, ЛГБТ өкілдерінің шын бейнесі осы болып тұр.
Бұрын ЛГБТ өкілдерінің арасында ВИЧ кең тараған деген әңгіме айтылатын еді. Мына оқиға шынында лгбтшинктердің ВИЧ пен көп ауыратынын дәлелдеп тұр. Ендеше, гейлер мен лесбилер спид пен вичті таратушы десек қателеспейміз.
Ораз ӘЛІМБЕКОВ, журналист.
Фото көрнекілік үшін.