Бюджеттен “Нұр-Мүбаракқа” ақша бөлу: Мәселе халықаралық деңгейде қаралуы мүмкін

0
796

«Нұр-Мүбаракті» бюджеттен қаржыландыру конституциялық дағдарысқа апара ма?

Белсенді Әсел Таухан «Нұр-Мүбарак» ислам университетін қаржыландырып отырған Ғылым министрлігін сотқа беріп, бюджеттің заңсыз шығындалған миллардтаған теңгесін кері қайтару жөнінде арыз берген.

Аудандық сот министрліктің «Ә.Таухан секілді қатардағы азамат министрлікке мұндай талап қоюға қақысы жоқ» деген уәжіне жығылып белсендінің арызын қанағаттандырмаған еді.

Таяуда Алматы қалалық соты аудандық соттың шешімін күшінде қалдырды. Шындығында, Әсел Таухан – Қазақстанның бюджетін құрайтын салық төлеушінің бірі.

Ол өзі төлеген салықтың заңға сәйкес жұмсалғанын талап ете алады. Ал Қазақстан зайырлы мемлекет, заң бойынша діни ұйымды ел бюджетінен қаржыландыруға болмайды.

Сондықтан бұл іс Жоғарғы сотқа, одан әрі Конституциялық кеңеске, одан әрі халықаралық соттарға жолданады.

Бұл өз кезегінде елімізді конституциялық дағдарыс апарып, Қазақстанның құқықтық мемлекет екеніне әлемде күмән тууы мүмкін.

Осы Ақордаға керек пе?!.

Ораз ӘЛІМБЕКОВ, журналист.

Фото көрнекілік үшін.