«БжБ, ТжБ» дегендердің бәрі далбаса» дейді мұғалім (ВИДЕО)

0
458

ТикТок әлеуметтік желісінде  жас мұғалім Бақытжан қазіргі білім саласындағы проблемаларға қатысты өз пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz.

«Меніңше, БжБ, ТжБ дегеннің бәрі — далбаса нәрсе. Басында осы жүйені барлық мектептерге гениальный етіп енгізді. Білесіздер ме, бұл жүйенің ең басты кемшілігі неде?

Оқушылар БжБ, ТжБ-ның тиісті жауаптарын интернеттен тауып, көшіріп бере салады. Ал білім берудегі ең дұрысы — қарапайым ғана Ыбырай Алтынсарин айтқандай, «балаға білім беруге қара тақта мен ақ бор жеткілікті».

Расымен де, қазір оқушылар БжБ, ТжБ дегенді көшіріп, өткізе салады. «Екілікпен» оқитын бала да осылай «бестік» ала салады. Кезінде өзіміз оқығанда, апай әр сабақтың тарауына қарай, бақылау жұмыстарын алып, бағалайтын.

Ешкім интернеттен көшіріп бермейтін», — деген жас мұғалім Бақытжан өзі оқытатын геометрия сабағында мүмкіндігінше оқушының интернеттен көшіріп, баға алмайтын әдістерді қолданатынын айтады.

Фото видеодан скринделіп алынды.