COVID қайта келді

0
274

Ағымдағы жылғы қаңтарда 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда желтоқсандағы 187 жағдайдан қаңтардағы 477 жағдайға дейін 2,5 есе өсім байқалады (қаңтарда 477 КВИ (475 жағ. КВИ+, 2 жағ. КВИ –), желтоқсанда – 176 жағ. КВИ+ және 11 жағ. КВИ-) деп хабарлайды еліміздің Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Жаңа жағдайлардың ең көп саны Алматы қаласына (143 жағ.) және Астана қаласына (74 жағ.) тиесілі.

2024 жылғы 26 қаңтардан 1 ақпанға дейінгі аптада республикада 144 жағдай КВИ+ және 11 жағдай КВИ– тіркелді. Сырқаттанушылықтың 26 жағдайға өсуі байқалады (өткен аптада 129 жағдай).

Жаңа жағдайлардың ең көп саны Алматы қаласына да (37 жағ.) және Астана қ. (21 жағ.) тиесілі.

Сонымен бірге республика және барлық өңірлер жасыл аймақта, инфекциялық төсектердің бос болмауы 1%-ды құрайды, стационарда емделуде 3 пациент бар.

Шектеу шараларын енгізу жоспарланбайды. Бұл ретте соңғы ай ішінде КВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуі байқалғанын, сондай-ақ ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық эпидмаусымының жалғасып жатқанын ескере отырып, адамдар көп жиналатын үй-жайларда, қоғамдық көлікте, медициналық ұйымдарға барған кезде, науқаспен байланыста болған кезде бетперде тағу ұсынылады.