Дәрігері блогерге айналған қоғамбыз

0
143

Қазақстанда білікті дәрігер табу өте қиын. Тәжірибелі, мықты мамандардың басым бөлігі шетел асып кетті. Осы мәселе туралы өзінің Facebook парақшасында журналист Нұрмұхамед Байғараев ойымен бөлісті, деп жазады Democrat.kz.

«Інім дәрігер. Осы апта Астанаға қыдырып келді. Маман тапшылығы жайлы айтады.

Оқуды аяқтағанына 2 жыл болған курстасы солтүстікке барып, облыстың бас неонатологы болып тағайындалыпты. Маман жоқ аймақта.

Біздің облыстық онкология ауруханасында онколог маман жетіспейді, содан Ресейден қашып келген мамандарды алып жатырмыз дейді.

Осы саланы 10 жыл оқыған танысым айлығым 300 мыңнан аспады деп АҚШ-қа кетті, сонда курьер болды дейді.

Ал енді 20-30 мың подписчик жиған, бір курс оқып массажист, нутрициолог атандым дейтіндер әр қабылдауын 50-60 мың теңге, кейде одан да көп дейді.

Оның біреуі сәбиді дұрыс емдемей, өлтіріп алды. Бірақ жұрт еш құжатын сұрамай, соларға сеніп барады. Сенгіш, жарнамаға алдана салады, критическое мышление төмен.

Ал 9 жыл оқыған дәрігерлер 250-300 мыңды қанағат қылады.

Бұл жағдай шынында қауіпті. Ертең қалаған адам 1 апталық курс оқып, халат киіп, онлайн курс сатып, рецептті оңды-солды жаза берсе, өлім саны артады.

Ауруханада дәрігер қалмай, шетінен блогер болуға асығады. Науқас емдеп, онымен ұрысып, түнгі сменаға қалып қайтеді? Одан да дәрігер-блогер болу табысты іс.

Сонда аймақ түгіл орталықта маман жетпей қалады.

Шетелде “балама медицина” деп өзінің ойлап тапқан әдістерін үйреткісі келетін псевдодәрігерлер жетеді.

Ондайда арнайы комиссия бірден зерттеу жүргізіп, пәленше азаматтың мына штатта медиц.қызмет жүргізуіне осынша уақытқа не өмір бойы тыйым салынады деп шешім шығарады.

Оған қоса, диплом алған студент әлі дәрігер саналмайды. Дәрігерлер қауымдастығының тестінен өтсе ғана дәрігер деген лицензия алады.

Онсыз еш жерде жұмысқа алмайды. Ол лицензиясын біліктілігімен тұрақты дәлелдеп отыруы тиіс.

Бізге соңғы екі тәжірибе аса қажет».

Сіз бұған не дейсіз? Дәрігер тапшылығы мәселесін қалай шешуге болады?

Фото ашық дереккөзден алынды.