Дарын Мубаров: «Мәшһүр Жүсіп олай айтпаған»
ТикТок әлеуметтік желісіндегі парақшасында уағызшы Дарын Мубаров жұрт арасында тараған өлең жолдарына қатысты пікірін айтты деп жазады Democrat.kz.
«Сақалы бар, мұрты жоқ, діні бар да, ұлты жоқ» деген өлең жолдарының авторы Мәшһүр Жүсіп емес дейді уағызшы. «Мұны дінді жек көретіндер өздері шығарып алған» деген Дарын Мубаров бұрынғы қазақтардың пайғамбар сүннетімен жүргенін дәлелдеу үшін Ұлы Абайдың өлеңін тілге тиек етеді.
«Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың» деп келетін Абайдың өлеңін мысал еткен уағызшы: «Пайғамбарымыз мұрттарыңды қысқартып, сақалдарыңды өсіріңдер және мәджусилерге ұқсамаңдар» деген.
Бұл хадис мұсылмандардың сақал қоюын пайғамбар сүннетіне амал» деп түсіндіреді. Сондықтан, кейбір мұсылмандар бұл өсиетті орындап, сақал қояды және мұртты қысқартады дегенді айтады уағызшы.
Фото интернеттен көрнекілік үшін алынды.