«Депутаттарымыз осы сенім үдесінен көрінеді деп сенеміз!»

0
63

19 наурыз күні өткен ҚР Мәжілісі мен мәслихаттарға депутаттарды сайлау біз күткен деңгейде болды деп есептеймін. Өзіміз куә болған сайлау учаскелеріндегі атмосфера осыған көзімізді жеткізді.

Мәселен Кеген ауданындағы Бөлексаз сайлау учаскесінде таңғы сағат 7 болмай-ақ дауыс берушілер жинала бастады. Ең қарт сайлаушы мен ең жас сайлаушыға сыйлық тапсырылды.

Ауданның барлық сайлау учаскелерінде халық белсенділігі өте жоғары деңгейде болды. Яғни, сайлаушылардың саяси өресі анағұрлым жоғарылай бастаған.

Халықтың жаңа Мәжіліс пен мәслихаттарына артып отырған сенімі де орасан. Депутаттарымыз осы сенім үдесінен көрінеді деп сенеміз!

Кәдірбек ҚҰНЫПИЯҰЛЫ