Димаш хабарландыру жасады

0
566

Әнші Димаш Құдайберген Астанада концерт бермекші, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Қазақстанның халық әртісі Instagram-дағы парақшасында жазды.

“Биыл Астанада 8-14 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізілмек. Дүниежүзінің 100-ден астам мемлекетінен түрлі сайысқа қатысу үшін 4 мыңнан астам спортшылар келеді деп жоспарланып отыр.

Осы әдемі мереке аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, “ДимашАли” шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен “Астана аренада” менің Stranger атты жеке концертім өтеді”, – деп жазды ол.

Әнші билеттер сатылымына қатысты ақпарат жақын күндері жарияланатынын және өзінің ресми аккаунттарыма назар аударып жүруді ескертті.

“Концертте кездесейік, достар!”, – деді әнші.

Фото интернеттен алынды.