«Димаш, ұры-алаяқтармен байланыспа» дейді журналист

0
216

Белгілі журналист Гүлбану Әбенова әскери техника өндіретін зауытқа барған әнші Димаш Құдайбергенді сынап тастады, — деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы Massaget.kz -ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Оқырмандарым Димаш Құдайбергеннің Барысовтың зауытында жүрген видеосын жіберді. Украинада болған бұл зауыт пен әскери техника біздің Димашқа не үшін қажет екенін білмеймін.

Барысов бұл үшін оған қомақты ақша төледі ме? Қымбатты Димаш, айналайын, қарағым, түрлі жемқорлар мен ұрылармен байланысып, осы ақ костюміңдей аппақ атыңды ластама. Олардың жандары мен ойлары үстеріндегі костюм сияқты қап-қара.

Сені Саясат Нұрбек ғылым мен «Болашақты» жарнамалау үшін пайдаланды. Сен жастарды ғылыммен айналысуға шақырдың. Саған «Болашақ» бойынша жолдама сыйлады, мен сынағаннан кейін ақылың мен батылың жетіп, сен одан бас тарттың.

Сенің аузыңнан шыққан сөздің бәрін халық қабылдайды. Өйткені сені жақсы көреді, саған сенеді. Бірақ саған айналаңда жүрген адамдарды жақсылап таңдау керек», — деді ол.

Журналист Димашқа ниеті түзу адамдармен байланысуға кеңес берді.

«Ол (Барысов — еск.) мемлекеттен 4,7 миллиард теңге алып, жұмыс техникасын жеткізбей, жауынгерлік модульдерді ауыстырғанын жасыруға тырысқан. Айбек Барысов 4,7 миллиард теңгеге халықтың ақшасын алды.

Артынша ақауы бар техникасын өткізу үшін мемлекеттік органдармен соттасып, ұтылып қалған. Енді ол мемлекетке тиесілі қаржыны қайтаруы керек. Бір жылдан аса уақыт өтсе де, ол халықтың ақшасын мемлекетке қайтармады.

…Димаш, олар тырнағыңа да татымайды. Ұры, алаяқтармен байланысып, таза атыңды ластама. Жаңа әндеріңмен, керемет дауысыңмен және шығармашылық концерттеріңмен қуант. Сіз жұлдызсыз! Лас шаңға түспеңіз», — деді ол.

Фото интернеттен алынды.