«Дін істері комитеті»: Оқушы мектеп бекіткен форманы киюі керек

0
377

Қоғам белсендісі Нұргүл Мұқышеваның ресми жолдаған хатына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Дін істері комитеті» мемлекеттік мекемесін жауап берді деп хабарлайды Democrat.kz.

Естеріңізге салып өтейік, жақында Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы журналистердің «мектепте қыздар хиджаб кию керек пе» туралы сұрағына қатысты «Шариғат бойынша қыз баланың балиғат жасы — 9 жастан басталады. Балиғат жастағы дін жолында жүрген қыздар орамал тағуы керек» деп жауап берген болатын.

Осыған орай қоғам белсендісі Нұргүл Мұқышева Ұлттық қауіпсіздік комитетіне хат жолдап, Бас мүфтидің айтқан сөздеріне қатысты тексеру жұмысын жүргізуді сұраған болатын. Зайырлы мемлекет Қазақстанда шариғат заңдарының шарттарын айту арқылы Бас мүфти заңға қайшы әрекет жасап отырған жоқ па деген сауалға Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Дін істері комитеті» мемлекеттік мекемесі жауап беріпті.

Берілген жауап хатта: «Бас мүфти діни нормаларға сәйкес жауап бергені және мектеп оқушылары ҚР «Білім туралы» заңында көрсетілген талапқа сай мектеп формасын киюі керектігі» айтылыпты. Сонымен қатар ресми жауап хатта мектеп оқушысының «Заңнама талаптарына сәйкес білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасын сақтау қажет екендігін» баса айтыпты.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.