Динара Қырықбаева дене бітімін өзгертті

Танымал әнші Динара Қырықбаева дене бітімін өзгертіп, ота жасады.
Өнер иесі бір ай бұрын пластикалық отаның көмегіне жүгінгенін жасырмады.
“Бір ай бұрын ота жасаттым. Өзімді керемет сезініп тұрмын. Дәрігерге сенім артқанда оң нәтиже болмақ. Дейін-кейін деген фотомды жақында көрсетемін”, – деп жазды әнші.
Динара абдоминопластика мен липосакция жасатқанын ашық айтты. Ол дегеніміз – денедегі артық май мен ісікті хирургиялық жолмен кетіру әдісі. Үш бала тәрбиелеп отырған жұлдыз ұзақ уақыт бойы өзгерістер туралы ойлағанын және бұл қадамға баруға шешім қабылдағанына риза екенін жасыра алмады.
Желі қолданушылары әншінің әрқашан жас әрі тартымды көрінетінін айтып жатыр.
Еске салайық, өнер иесі үш баламенажырасып кеткенін айтқан еді.